Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы, қазір "Табиғат" республикалық аңшылар қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков 2020 жылы Rixos қонақүйімен Қаракөл көліне су ағызу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқанын айтты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айтуар Туғанбеков Facebook парақшасында Қаракөл көліндегі аққулардың өліміне қатысты мәселені көтерген видео жолдады. Ол 2020 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде басшылық қызметінде болғанын түсіндірді.
"Соңғы бес жылда көлдің экологиялық жағдайы нашарлады. Ол қала ішінде орналасқан және жақын жерде көптеген ластаушы заттар бар. Көлдің ластануына Rixos қонақ үйі ерекше үлес қосуда. Бұл менің пікірім ғана емес. Мемлекеттік органдар тарапынан да ресми тексерулер болды. Каспий теңізінің жағасында орналасқан қонақүй 2020 жылы іске қосылды. Бір жағы теңіз, бір жағы жол, арғы жағы Қаракөл көлі", — деді Туғанбеков.
Экс-шенеунік 2020 жылы "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" құжатын алған кезде Экология министрлігі жүйесінде жұмыс істегенін айтты.
"Rixos суды Каспий теңізінен алады деп болжанған. Бұл су оның қызметі үшін пайдаланылады, сосын олардағы сүзгілер арқылы сыртқа кетеді. Сосын ол суды бір жерге төгу керек болды. Ал қонақ үй оны көлге ағызуды ұсынды. Қаракөл, жолдың арғы бетінде орналасқан. Ал бұл жобада ол жерде қандай да бір "супер" фильтр болатыны және көлге таза судың құйылатыны айтылған болатын. Бірақ мен бұл жобамен келіспедім және жобаны мақұлдамадым. Алайда Rixos араға байланыстарын қосып, сол кездегі вице-премьер және вице-министрдің тікелей бұйрығы келді. Мен бұл құжатқа қол қойған жоқпын. Бірақ сол қызметте болған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының төрағасы қол қойды. Бұл туралы бір рет жазған болатынмын", — деді Айтуар Туғанбеков 2022 жылғы 7 ақпандағы жазбасының скриншотын қосып.
Экс-шенеуніктің айтуынша, нәтижесінде сүзгі дұрыс жұмыс істемеген.
"Бұл келеңсіз әрекетке дұрыс қарап, шара қолдануымыз керек. Мен оларға әу баста мынаны ұсындым: 1,5-2 шақырымнан кейін шұңқыр бар, ол жерге пластикалық құбырларды салып, сонда ағызу керек. Олар мұны қымбатсынды. Жалпы, олар қысым көрсетіп, олармен менің жоғары басшылығым сөйлесті", — деді Айтуар Туғанбеков.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Қаракөлге қара қошқыл сұйықтықтың төгіліп жатқаны жөнінде кадрлар пайда болған. Осыдан кейін Қаракөлге тазартылмаған қалдық су төгілуі мүмкін екені айтылды. Ал Rixos Water World Aktau қонақүйінің бас менеджері Серік Исағалиев ағынды сулардың Қаракөлге төгілгенін растады.
21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған. Олардың саны қазір 870-ге жетіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, бастапқы тексеріс қорытындысы "аққулар құс тұмауынан өлген" болуы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін мамандар "құстар жем таппай суықта қырылған" деген тұжырым жасаған. Егер Қаракөлде аққулардың қырылуына қонақүй кінәлі екені расталса, оған айыппұл салынуы мүмкін.
Rixos Water World Aktau қонақүйі — Қазақстандағы алғашқы курорттық қонақүй. 2020 жылы тамызда ашылған. Ресми дерек бойынша, құрылысына 67 миллиард теңге қаржы кеткен нысанды ашуға Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан.
Отказы в выплате субсидий аграрии начали оспаривать в суде
Талибы отзывают посла и генконсула Афганистана из ФРГ
Президент подписал закон о реформировании жилищной политики
Индекс или дивидендные акции?
Глава КМГ прокомментировал очереди на заправках на западе Казахстана
В Казахстане ожидаются морозы до 23 градусов
После долгого отсутствия Месси приедет на праздник "Барселоны"
Эксперты высказали свои ожидания по цене на нефть в 2025 году
"Никому нет дела, когда я просыпаюсь": Ерке Есмахан рассказала, чем занимается дома
Президент направил телеграмму поздравления Султану Омана