Автор

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 20%-ға төмендеді

Қазақстанда туберкулёзден болатын өлім 20%-ға төмендеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы аптада Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ҚР фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерін дамытудың Жол картасын және ЖИТС, туберкулёз және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қор жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырған «Туберкулезді жою» стратегиясы шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әлеуетті арттыру» республикалық семинары басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты нысаналы индикаторларды ескере отырып, туберкулёздің ауыртпалығын төмендету бойынша іс-қимылдың сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Семинардың жұмысына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен фтизиопульмонология орталықтарының басшылары қатысады.

Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған туберкулёзді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолданудың арқасында елде көптеген жылдар бойы туберкулёзбен сырқаттанушылық пен өлімнің тұрақты төмендеуі байқалғанын атап өтті.

2023 жылдың 9 айындағы деректер бойынша туберкулёзбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,9-ды құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға төмендегенін білдіреді (37,2), ал туберкулёзден болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 1,2 құрады, бұл 2022 жылғы деректермен салыстырғанда 20%-ға төмендегенін білдіреді (1,4).

Спикер қауіп топтарын сапалы қалыптастыру, уақтылы тестілеу, туберкулёз инфекциясын емдеу, сондай-ақ фтизиатриялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту сияқты туберкулёздің профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Семинарда өңірлердің туберкулёзге қарсы бағдарламаның зертханалық компонентін тиісінше ұйымдастыру, белсенді туберкулёзді, МСАК деңгейінде туберкулёз инфекциясын анықтау жөніндегі іс-шаралар, халықтың негізгі топтарының арасында туберкулёзді анықтау бөлігінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, ДДҰ-ның туберкулёз індетін жою жөніндегі стратегиясын іске асыру мақсатында туберкулёзге қарсы іс-шараларды жетілдіру бойынша одан әрі іс-қимылдар әзірлеу бойынша топтарда жұмыс жоспарланған.

Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде туберкулёздің профилактикасы және емдеу жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыру туберкулёз ауыртпалығын төмендетуге және еліміздің халқының денсаулығын жақсартуға әкеледі.