Танымал актёр, тележүргізуші Шерхан Пірназар әжесінің қолында тәрбиеленгенін және теріс батаның кесірі туралы айтты. |
Актёр балалық шағындағы қиындықтар туралы жан сырымен "Сәлем, Европа!" бағдарламасына берген сұхбатында бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен кішкентай кезімде әжем мені өзінің әкесіне ұқсатып бауырына басқан. 15 шақты немеренің ішінен маған ықыласы ауған. Мен мектеп оқып жүргенде анама әжемнің қолына барып тұрайын дедім, әжем де ауылға келсін деп көп сұрады. Мамам бермеді, мен жыладым. Бірақ, демалыс күндері ауылға барып тұрдым. Папамның отбасында жеті ағайынды, бір қыз бар. Мен сегізіншісі болдым. Мамам да әжемнің ең сүйікті келіні болған. Анама да жұмыс істеткізбеген. Ауылдың барлық той-томалағы, мәселелерінде әжем жүретін. Тағдыр шығар, әкем мен анам екеуі екі жаққа кетіп, кішкентай кезімде мен қатты жылаппын. Сол кезде әжем әкеме менің баламды жетім қылдың деп теріс батасын берген екен. Төрт жыл бұрын қызым дүниеге келгенде алғаш рет әкеммен кездестім. Сол жерде ашық сөйлестік. Әкем әжемнің теріс батасын алғаннан бері жолы болмай кеткенін айтты. Әжем 2010 жылы дүниеден өткенде ол кісінің ең соңғы сөзі, аманаты Шерхан үйленсе, тойын өздерің өткізіңдер деген сөз болған екен. 2018 үйленген кезімде әкемнің туыстары тойды толықтай көтеріп берді", — дейді актёр.
Президент подписал закон о реформировании жилищной политики
Индекс или дивидендные акции?
Глава КМГ прокомментировал очереди на заправках на западе Казахстана
В Казахстане ожидаются морозы до 23 градусов
После долгого отсутствия Месси приедет на праздник "Барселоны"
Эксперты высказали свои ожидания по цене на нефть в 2025 году
"Никому нет дела, когда я просыпаюсь": Ерке Есмахан рассказала, чем занимается дома
Президент направил телеграмму поздравления Султану Омана
Полицейский выстрелил в коллегу в Таразе
397 тыс. га неиспользуемых земельных участков выявили с начала года в Алматинской области