| Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. |
Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза болды.
"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.
"Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда", — деді полицейлер.
Еске салайық, 3 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында Әл-Фараби-Назарбаев көшелері қиылысындағы "Сансет" мекемесінде атыс болған. Бетперде киген төрт адам оқ жаудырған. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция басқармасындағылар тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.

Эксперт назвал «мертворожденной» идею платного зарубежного трафика для россиян
Продажи автомобилей Toyota в России выросли почти вдвое
ТАСС: Над Черным морем заметили американский самолет-разведчик
За выходные в Верхнеуслонском районе сгорели две бани и сухая трава
Татарстанцам грозят штрафы за запуск коптеров