6 және 7 шілде күндері Абай облысы бойынша шекара қызметі заңсыз әрекеттердің жолын кесті.
2025 жылғы 6 шілде күні "Ауыл" автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде Қазақстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған автокөліктен көлемі 700 литр дизель отыны анықталды. Бұл көлемге экспортқа уақытша тыйым салынғанына қарамастан, жанар-жағармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған Қырғызстан Республикасының азаматы тоқтатылды. Нәтижесінде, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тиісті маманы азаматты шекарадан өткізуден бас тартты.
2025 жылғы 7 шілде күні "Байтанат" автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінде тағы бір заңсыз әрекет тіркелді. ҚР азаматының көлігінен 3 000 000 ресей рублі (шамамен 19,7 миллион теңге) көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Бұл сома арнайы тәртіппен ресми тіркеусіз ел аумағынан өткізілмек болған. ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, азамат мемлекет шекарасынан өткізілмеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Медведчук назвал организаторов массового убийства в Одессе в 2014 году
Скончался один из первостроителей Нижнекамска Рафаил Глянц
«Кто стирает подвиг — тот предаёт будущее»: Яна Поплавская о фальсификации истории
Голикова сообщила об увеличении пособия по беременности студенткам до 96 тыс. рублей
Президент Польши 3 мая начнет подготовку проекта новой конституции