Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің бірінде тағы бір сұмдық жағдай орын алды. |
Әжетханада өзгелерден қысым көрген 9 жасар бала бір қорап дәрі ішіп, өз-өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.
«10 жасар бала дәрі ішіп өлмек болды. Сұмдық қой! Баяғы басынан шу кетпейтін Талғар мектебінің бірі. Бесағашта 4-ші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 1 пачка аспиринді қылғытты. Жасөспірім артына соңғы хат жазып үлгеріпті. Әжесінің айтуынша, 9 жасар немересіне мектеп әжетханасында қысым көрсетеді; шашын қиқалап, жейдесін жыртады екен.
Ұлының дәріге уланып, ес-түссіз жатқанын көрген анасы жедел жәрдем шақырған. Қазір бұл іске қатысты аудандық полиция тергеу амалдарын бастады. Кеше ғана Президент өз жолдауында кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстық жазаны күшейту керектігін баса айтты. Мектеп басталмай жатып буллинг белең алуда.
Бесіктен белдері шықпай қорлау мен қоқан-лоқы көрсеткіш Бесағаш “батырларын” біле жүрейік! Полиция бұл істің немен тынғанын қоғамға жариялап отыруы тиіс!», — деді журналист.
Метро на колёсах: как BRT изменит транспортную систему Алматы и повседневную жизнь горожан
Адильбек Козыбаков: Государство начало уделять серьёзное внимание чистоте окружающей среды
Национальный день книги: Казахстан делает ставку на культуру чтения
Умер Папа Римский Франциск
Куламбаева впервые выиграла турнир серии W100