Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады. |
Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.
Президент подписал закон о реформировании жилищной политики
Индекс или дивидендные акции?
Глава КМГ прокомментировал очереди на заправках на западе Казахстана
В Казахстане ожидаются морозы до 23 градусов
После долгого отсутствия Месси приедет на праздник "Барселоны"
Эксперты высказали свои ожидания по цене на нефть в 2025 году
"Никому нет дела, когда я просыпаюсь": Ерке Есмахан рассказала, чем занимается дома
Президент направил телеграмму поздравления Султану Омана
Полицейский выстрелил в коллегу в Таразе
397 тыс. га неиспользуемых земельных участков выявили с начала года в Алматинской области