Мемлекет фермерлер алдындағы субсидия қарыздарын 2026 жылдың басында толық өтейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
"Қазіргі таңда 341 млрд теңге субсидия күту тізімінде тұр. Бұл қаражат толық көлемде төленеді. Биылғы бюджет есебінен қарыздың бір бөлігі өтелген. Ал осы жылға жоспарланған, бірақ күту тізімінде қалған субсидиялар 2026 жылға ауыстырылады. Егер резервте қаржы үнемделсе немесе бюджет нақтыланса, қосымша қаражат бөлінеді. Биылдың өзінде 57 млрд теңге қосымша бөлініп, өңірлерге таратылған. Қалған берешек 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтелмек", – деді А. Сапаров.
Министр фермерлерге уайымдауға негіз жоқ екенін атап өтті. А. Сапаровтың айтуынша, субсидия берешегінің жиналуы жыл сайын қайталанатын жағдай. Сондай-ақ, ол 340 млрд теңге – 2022-2023 жылдардан қалған өтпелі қарыз екенін атап өтті.
Сонымен бірге министр қазақстандықтарды толғандырған – жаңа жыл қарсаңында және одан кейін ет бағасы қымбаттай ма деген сұраққа да жауап берді.
"Қазір еттің бағасы біртіндеп тұрақталып жатыр. Орташа есеппен бір килограмы – 3,2 мың теңге. Кеше және бүгін қызметкерлерім базарларды аралап, мониторинг жүргізді – орташа баға шамамен 3,5 мың теңге. Кей жерлерде 4 мың, тіпті 5 мың теңгеден сатылатын премиум санаттағы ет те бар. Дегенмен жалпы баға тұрақты, әзірге осы деңгейде сақталады", – деді ол.
Министрдің айтуынша, келесі жылы да ет бағасын қазіргі деңгейде сақтау көзделіп отыр.
"Қазір тірі малды шетелге шығаруға тыйым салынған, ал ет экспорты квотамен шектелген. Сондықтан баға тұрақтылығына қауіп жоқ деп есептеймін", – деді А. Сапаров.
Бұған дейін, мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов субсидия бойынша берешекті үкіметтің резервтік қаражаты есебінен өтеуді ұсынған еді.
Ал қаржы министрлігінің мәліметінше, кейбір фермерлер бір малға бірнеше рет субсидия алған жағдайлар тіркелген.

Казахстан усиливает социальную защиту пенсионеров и продвигает концепцию «умного долголетия»
Костанайская красавица представит Казахстан на “Мисс Вселенная – 2025”
Тренер по боксу из Астаны арестован за дерзкий ролик в соцсетях
50 тысяч дальнобойщиков остались без работы в Казахстане
В Казахстане стартуют первые проекты по энергетической утилизации отходов