|
|
Әлеуметтік желіде "Шымбұлақ" тау курортында ұзын-сонар кезек көрсетілген видео шықты, деп хабарлайды Kazinform.
"Демалыстағы Шымбұлақ — жүйкесі әлсіздер баратын жер емес", – деп жазылған видеодағы жазбада.
Осыған байланысты "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты түсінік берді.
"Құрметті қонақтар, түскі уақытта көлік қозғалысы көбейетіндіктен, курортқа алдын ала келулеріңізді сұраймыз. Аспалы жолға отыру үшін кезек бар. Сағат 15:00-18:00 аралығында қонақтар ағыны көбейеді.
Курорттың ахуалы туралы ақпаратты біздің онлайн камераларымыздан көре аласыз. Жоғары маусымда осы уақытша өзгерістерді ескеріңіз. Бұл қонақтар ағынын теңестіруге қажет шара", — деп хабарлады "Шымбұлақ" тау шаңғы қурорты.
Тау-шаңғы курорты сондай-ақ 2 қаңтардағы жұмысы туралы хабарлады.
"Курорт 8:30-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Күндіз-түні шаңғы тебуіңізге болады.
2 қаңтар күні 2 тариф болады: таңғы және толық тариф.
Таңғы тариф (таңертеңгі күн) 8:30-дан 13:30-ға дейін (төмен түсу 13:30-ға дейін) жарамды.
Толық күндік тариф 8:30-дан 17:00-ге дейін жарамды (төмен түсу 00:00-ге дейін)", — делінеді хабарламада.
Баспасөз қызметі 3 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат кейінірек жаңартылатынын айтты.
Еске салайық, «Шымбұлақ» тау курорты SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік тау шаңғысы курорты атанған болатын.

Мельникова впервые выиграла личное многоборье на чемпионате Европы
Нарколог Исаев назвал продукты, которые делают алкоголь опаснее
Контроль за кинопрокатом в России могут передать другим организациям
Ветеран Знаменский назвал Путина прекрасным президентом
МВД Грузии открыло пункт "Казбеги - Верхний Ларс" после угрозы наводнения