Автор

«Ирина Кайратовна» тобы мобилографының өлімі: дәрігерлер пікір білдірді

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілген. Өлімнің алдын — ала себебі - жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлап қалған.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.