Мерекеге орай қосымша пойыздар қатынайды.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мереке және мереке қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздар белгіленген:
- Ақтөбе-Шалқар бағыты бойынша, №630/629 пойызы 2024 жылдың 22 қазанынан бастап бір күн сайын қатынайды;
- Астана-Шымкент бағыты бойынша, №204 пойызы 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күн сайын қатынайды;
- Шымкент-Алматы бағыты бойынша, №216 пойызы 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күн сайын қатынайды;
- №201 пойызы Алматы-Астана бағыты бойынша, 2024 жылдың 23 қазанынан бастап күн сайын жүреді.
Пойыздарға әртүрлі қызмет санатындағы вагондар, соның ішінде купе және плацкарт вагондары кіреді.
Сондай-ақ, қала маңындағы бағытта 2024 жылғы 25 және 27 қазанда Қарағанды-Астана жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 электр пойызының бағыты Қарағанды-Астана-Бурабай курорты:
- Астанадан 10:40-та шығады, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да кері шығады, Астанаға сағат 17:00-де келеді.
Бұдан басқа, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда Ерейментау — Астана — Көкшетау бағыты бойынша №6831/6829/6830/6832 Электр пойызының құрамы қосымша вагондар қосу есебінен ұлғайтылады.
Сурет: pixabay.com
Президент подписал закон о реформировании жилищной политики
Индекс или дивидендные акции?
Глава КМГ прокомментировал очереди на заправках на западе Казахстана
В Казахстане ожидаются морозы до 23 градусов
После долгого отсутствия Месси приедет на праздник "Барселоны"
Эксперты высказали свои ожидания по цене на нефть в 2025 году
"Никому нет дела, когда я просыпаюсь": Ерке Есмахан рассказала, чем занимается дома
Президент направил телеграмму поздравления Султану Омана
Полицейский выстрелил в коллегу в Таразе
397 тыс. га неиспользуемых земельных участков выявили с начала года в Алматинской области